Ресей премьер-министрі коронавирус жұқтырды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.
Михаил Мишустин РФ президенті Владимир Путинге коронавирус жұқтырғанын, өзін-өзі оқшаулауға кеткенін хабарлаған.
"Құрметті Владимир Владимирович, коронавирусты анықтауға тапсырған тестілер оң нәтиже берді. Осыған байланысты және Роспотребнадзордың талаптарына сәйкес мен тиісінше өзін-өзі бақылауды сақтауға, дәрігерлердің нұсқамаларын орындауға тиіспін. Бұл менің әріптестерімді қорғау үшін қажет", — деді Мишустин Путинге.