Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
"Біз елімізде коронавирустан емделгендердің саны 1000-нан асқанын мақтанып айтамыз. Соңғы аптада аурудың таралу деңгейі төмендеді, қазір індетті жұқтыру көрсеткіші шамамен 7%-ды құрайды", — дейді Есмағамбетова.
Сондай-ақ ол қазақстандықтарға карантин шараларын ұстанғаны үшін алғысын білдірді. Бас санитар дәрігердің сөзіне сүйенсек, еліміздегі жағдай бірте-бірте қайта қалпына келеді.
"Мемлекеттегі эпидемиологиялық жағдайға сәйкес, карантин шараларын біртіндеп жеңілдетеді. Біз қалыпты өмірге бірте-бірте оралуымыз қажет. Әрине, карантиннің жеңілдеуі елдегі жағдайға байланысты болады. Осының арқасында біз Қазақстандағы аурудың өрши түсуі мен медициналық жүйеге түсетін ауыртпашылықтың алдын алдық", — дейді ол.
Соңғы ақпаратқа сәйкес Қазақстанда 3988 адам коронавирус жұқтырған.