Ғалымдар коронавирусты анықтаудың тағы бір тәсілін тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 487.17
  • 565.65
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ғалымдар коронавирусты анықтаудың тағы бір тәсілін тапты

Ғалымдар коронавирусты анықтаудың тағы бір тәсілін тапты

АҚШ-тағы Раш университетінің ғалымдары қан плазмасындағы suPAR ақуызының жоғары деңгейі коронавирустың барын көрсете алатынын анықтады. Сондай-ақ, бұл көрсеткіш арқылыр коронавирус жұқтырған пациенттердің жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылу мүмкіндігін болжауға болады.

  • 5 Мамыр 2020
  • 33
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Адам ағзасындағы бұл ақуыздың жоғары деңгейі аурудың ауырлық деңгейін көрсетеді. Сондай-ақ, ақуыздан иммун жүйесінің іске қосылғанын түсінеміз. Ғалымдар вирус жұқтырмаған пациенттердің suPAR көрсеткіші бір миллилитрге 5 нанограмнан немесе одан да аз келетінін анықтады, ал коронавирус бар науқастарда 6 нанограмм және одан жоғары. Бұл ретте адамда бір миллилитрге 6 немесе одан көп нанограмм деңгейі болса, оны жасанды тыныс алдыру аппаратына қосқан. 

"Бұл әлемдегі COVID-19 науқастарынан suPAR ақуызыгың жоғары деңгейі анықталған алғашқы зерттеу", — деді дәрігер, зерттеуші Йохен Рейзер.

"Қандағы suPAR-дің жоғары деңгейі ауыр жағдайлармен байланысты екенін көрсететін көптеген оқулық бар. Бұл науқастардың тыныс алуы мен өкпенің қызмет етуідегі қиындықтардың пайда болуына байланысты", — деп түсіндірді дәрігер.


Оның айтуынша, suPAR мен тыныс алу проблемалары арасындағы байланыс дәрігерлерге қай пациентті ерте кезеңде жасанды тыныс алдыру аппаратына қосу керегін түсінуге көмектеседі.

Бұған дейін Нью-Йоркте жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған коронавирус жұқтырған пациенттердің 88 пайызы қайтыс болатыны хабарланған. Сондай-ақ, АҚШ-та COVID-19-дан екі айда тұмаумен салыстырғанда көбірек адам көз жұмғаны жазыған болатын.