Қазақстанның елшісі Украинаның инфраструктура министрімен кездесті - kaz.caravan.kz
  • $ 487.17
  • 565.65
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның елшісі Украинаның инфраструктура министрімен кездесті

Қазақстанның елшісі Украинаның инфраструктура министрімен кездесті

2020 жылғы 6 мамырда Қазақстанның Украинадағы Елшісі Дархан Қалетаев Украинаның Инфраструктура министрі Владислав Криклиймен кездесті.

  • 7 Мамыр 2020
  • 33
Фото - Caravan.kz

Сұхбаттасушылар Қазақстан және Украинаның Еуропа мен Азия арасындағы табиғи «көпір» бола отырып, ерекше географиялық орынға ие екендігін атап өтті. Бұл екі ел арасындағы көлік және логистика саласындағы ынтымақтастықты күшейту үшін едәуір әлеуеттің бар екендігін көрсетеді. Бұл ретте, осы салада ең маңызды басымдықтардың бірі Ақтау-Баку-Батуми-Одесса бағытындағы Транскаспий халықаралық көлік маршрутын дамыту болып табылады.

Әңгіме барысында алдыңғы қатарлы цифрлық технологияларды белсенді қолданудың орындылығы атап өтілді. Осы тұрғыда, Министр Қазақстан мен Украинаның автокөлік тасымалдаушыларына әкімшілік рәсімдерді жеңілдететін халықаралық тасымалдарға рұқсаттармен электрондық нұсқада алмасу механизмдерін енгізу бойынша пилоттық жобаны бастауды ұсынды.

Сонымен қатар, тараптар теміржол және автокөлік машина жасау саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық танытты. Қазақстанның Елшісі бірқатар қазақстандық компаниялардың Украинадағы ірі инвестициялық инфрақұрылымдық, бірінші кезекте авто және темір жолдарды салу бойынша жобаларға қатысуға дайындығын растады.


Сұхбаттың соңында көлік және коммуникация саласындағы қазақстандық-украиналық ынтымақтастықты жандандыру бойынша бірлескен іс-шаралардың жол картасын бекіту туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.