Кәсіпкер Сырымбек Тау еліміздегі мұқтаж отбасыларға азық-түлік таратты (ВИДЕО) - kaz.caravan.kz
  • $ 487.17
  • 565.65
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Кәсіпкер Сырымбек Тау еліміздегі мұқтаж отбасыларға азық-түлік таратты (ВИДЕО)

Кәсіпкер Сырымбек Тау еліміздегі мұқтаж отбасыларға азық-түлік таратты (ВИДЕО)

“Yokohama”, “Triangle tyres” компанияларының Қазақстандағы ресми дистрибьюторы, кәсіпкер Сырымбек Тауұлы елдегі төтенше жағдай басталғалы зейнеткерлер мен жағдайы төмен отбасыларға қажетті өнімді жеткізуді ұйымдастырып келеді.

  • 7 Мамыр 2020
  • 1146
Фото - Caravan.kz

Сонымен қатар індеттен сақтану мақсатында медициналық маска мен антисептикті де тегін таратты. Әлеуметтік желі арқылы басқа да кәіспкерлерге ой салып, челленджді жалғастыруды ұсынған-ды.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

A post shared by Syrymbek Tau (@syrymbek_tau) on

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

A post shared by Syrymbek Tau (@syrymbek_tau) on

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

A post shared by Syrymbek Tau (@syrymbek_tau) on

Бүгін де карантин жалғасуына байланысты “Metro” сауда орталығымен бірігіп, жағдайы төмен, нәпәқасыз қалған отбасыларына азық-түлік таратып мол сауапқа ие болуда. Мұнда өнер жұлдыздары да атсалысты. Сәуір айының өзінде 6000-дай отбасыға (160 000 кг азық түлік) көмек берілген болса, 5400 отбасыға “Жақсылық жәшігі” жолданған, ал 380 отбасыға ақшалай жәрдемдесті.

Кәсіпкер енді бірнеше жанашыр жомарт жандармен бірге кеше ғана су тасқынынан зардап шеккен Мақтарал халқына көмек көрсетуде. Аталмыш сауда орталығымен бірігіп Сырымбек Тау бастаған азаматтар Мақтарал ауданындағы халыққа 20 тоннаға жуық азық-түлік жіберілгені белгілі болды.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

A post shared by Syrymbek Tau (@syrymbek_tau) on

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

A post shared by Syrymbek Tau (@syrymbek_tau) on

Естеріңізге сала кетейік, мемлекет басшысы өз үндеуінде бүкіл халықты жұдырықтай жұмылуға шақырып, қиындықты отандастарымызбен бірге еңсеретінімізге сенімген білдірген болатын.