Жаңа "5-10-20" бағдарламасымен баспана кімдерге беріледі - kaz.caravan.kz
  • $ 491.37
  • 570.48
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жаңа "5-10-20" бағдарламасымен баспана кімдерге беріледі

Жаңа "5-10-20" бағдарламасымен баспана кімдерге беріледі

Табысы әрбір отбасы мүшесіне шаққанда 3 күнкөріс минимумынан аспайтын азаматтар "5-10-20" бағдарламасы бойынша баспана ала алады, деп мәлімдеді үкіметтегі брифингте ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

  • 19 Мамыр 2020
  • 35
Фото - Caravan.kz


Ал табысы төмен, 1 күнкөріс минимумына дейінгі, әр отбасы мүшесіне 31,2 мың теңгеден келетін азаматтар арендалық баспана алады. Табысы 2 күнкөріс минимумына немесе 62,4 мың теңгеге жететіндер баспананы 2-10-20 деген "Бақытты отбасы" бағдарламасымен ала алады, — деді министр.

Министр айтқандай, бұл жердегі басты идея – баспанасы жоқ әрбір қазақстандыққа баспананы өз табысына сай талаптармен алуға мүмкіндік беру.

Іріктеу қазақстандықтардың әлеуметтік санаттарымен емес, нақты табысы бойынша жүргізіледі. Мәселен, табысы 3 күнкөріс минимумына жететін немесе әр отбасы мүшесіне 96,7 мың теңгеден келетін азаматтар "5-10-20" бағдарламасымен баспана алады. Ал табысы отбасының әрбір мүшесіне шаққанда 3,1 күнкөріс минимумынан асатындар екінші деңгейлі банктердің "7-20-25" бағдарламасына қатысады, деді Атамқұлов.