Бұған дейін оппозициялық партия құрмақшы болып, елді елең еткізген кәсіпкердің айтуынша, ол "халықтың болашағы бар ма, жоқ па?" деп тексергісі келген екен.
"Біраз ағайындар, бұл хайпты не үшін жасайсың, халықтың сенімімен не үшін ойнайсың деп маған кішкене ренжуі де мүмкін. Оны мен түсіндіріп кетейін. Мен тексергім келді. Жалпы, халықтың болашағы бар ма, жоқ па? Негізі біраз адамдар, Ахметбек бұл хайпты не үшін жасадың, адамдардың сенімімен ойнап не керек, елді дүрліктіріп деп ренжуі де мүмкін. Сондықтан мен "козёл-провакатор" әдейі жасадым. Менің бұл нәрселерді әдейі жасадым. Егер сенбесеңіздер, мен мұндай нәрселерді бұған дейін талай рет жасағанмын", — деп өзінің бір жігітке көліктің кілтін табыстаған кезде залға жиналған бір топ адамға қарата: "Енді машина ұтып алмаған адамдар көңілдерің түсіп қалды ма, енді менің сендерге жаным ашиды, лоқсыңдар" деп сәтін көрсетіп" эмоциясын жасыра алатын адам екендігін айтып салды.
Сондай-ақ, Ержан Тұрғымбайдың оның ар-намысына тиетін ешқандай сөз айтпағанын мойындап, "Бұл — алдын-ала дайындалған спектакль болатын" — деп тағы да айды аспанға бір-ақ шығарды.
Айтпақшы, елді "тексергісі" келген Ахметбек Нұрсила осы әрекетті жасауды 5 жыл бойы күтіп, қатты армандапты.
Естеріңізге сала кетсек, ол "ұсталар" алдында Италияда бой тасалап жүрген оппозиция өкілі Ержан Тұрғынбаймен дебатқа шығып, өзінің билікті қолына ала алатынын эмоцияға беріле отырып мәлімдеген болатын.