Министр алаяқтардың жұмыс тактикасын халыққа түсіндірді. Оңай олжаға алданып қалмаңыздар, ондай жоқ дейді Тұрғымбаев.
"50-100% сияқты үлкен табыс жоқ. Көбіне адамдар қоңырау шалып: "Сіз пәтер ұтып алдыңыз, бізге 1 миллион теңге беріңіз, сонда біз сізге тапсырыс береміз" дейді. Мұндай қоңырауларға, әрине, сенуге болмайды", — дейді Тұрғымбаев.
Сонымен қатар, ол қазақстандықтарға мұндай қоңыраулар немесе SMS болған жағдайда, ҚР ІІМ блогына немесе аумақтық полиция бөлімшесінің блогына жүгінуді ұсынды. Сондай-ақ, ол төлем карточкасын WhatsApp-қа ешқашан суретке түсіруге болмайтынын еске салды.
"Сонымен қатар, үш таңбалы санға мұқият болу керек. Осы код арқылы кез-келген алаяқ банкоматтан сіздің картаңыздан ақша жүктей алады. Бұл жалпы ұсыныстар", — деп ол Интернеттегі пайдалы кеңестерді қарастыруды ұсынды.