Оның себептерін Абай.кз порталы зерттеп жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы
Екі себеп, бір желеу!
Желеуі — күні кеше ғана Мәскеу Екінші дүниежүзілік соғыстың басталған күнін атап өтті. 79 жылдықты еске алды. Путин Кремльге бірлі-жарым ардагерді жиып алып, алауға гүл қойды. Ал ертең алаулатқан-жалаулатқан дәу парад.
Екі себеп. Бірі – Путиннің есесі кетіп барады. Өйткені, Жеңіс парадын тұп-тура 9 мамыр күні өткізген жалғыз ел – Беларусь болды. Сол жолы Лукашенко: «Соғыстан ең көп жапа шеккен ел — Беларусь», деп жариялаған. «Жеңістің мұрагерлері – беларусьтер!», — деп сөйлеген.
Екіншісі – ел ішіндегі рейтингісі. Ол туралы жоғарыда жаздық.
Парадтың құны қанша?
Рас, кез келген ақымақтықтың, кез келген дарақылықтың өз құны бар. Сол секілді бұл парадтың да шығыны шаш етектен. Ол туралы орыстағы оппозиционер Алексей Навальный жазыпты.
Путиннің бұл парадының шығын ақшасын есептеп шығыпты. Ұзын-ырғасы 1 миллиард рубль жұмсалады екен.
Бір қызығы 9 мамырда Мәскеуде «парад» өтпеді емес өтті. Иә, танкілер мен жаяу сарбаздар Қызыл алаңда сап түземесе де, символикалық парад өтті. Ендеше бұл жолғы парад кім үшін? Жалғыз ғана көрермен үшін! Владимир Владимирович Путин үшін! Бұл да жаңаны Навальныйдың сөзі.