Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Әншінің портреті Қабанбай батыр және Сәкен Сейфуллин көшелерінің қиылысында орналасқан үйдің қабырғасына салынып жатыр.
Фото © Алихан Сариев
Авторы — Алматының 26 жастағы тұрғыны Батыр Сәдуақасов.
Батыр Алматыда муралды алғаш рет салып жатыр. Бұған дейін ол комикс, кітаптардан көрнекі сурет салған және стрит-артпен айналысқан. Айтуынша, әлемге танымал жұлдыздың суретін салуға өтініш айтқан.
"Мен референсті ұзақ таңдадым. Жүзінде екі қарама-қайшы түстің үйлескен фотосын іздедім. Мысалға, жасыл мен қызғылт, екеуі қарама-қайшы болса да, үйлесіп, беті көрініп тұратындай. Эмульция, аэрозоль баллонын пайдаланып, әдемі қылып салғым келеді. Бұл тапсырыс емес, мұны өнерге деген құрметім үшін жасап жатырмын", — деді суретші.
Алматы әкімдігіндегілер мурал жеке адамдардың бастамасымен салынып жатқанын атап өтті.