Елімізде 3 баладан Кавасаки синдромы анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 487.44
  • 567.38
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде 3 баладан Кавасаки синдромы анықталды

Елімізде 3 баладан Кавасаки синдромы анықталды

Елімізде 114 бала коронавирус жұқтырған. Оның үшеуі Кавасаки синдромына шалдыққан. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

  • 10 Тамыз 2020
  • 29
Фото - Caravan.kz

"13 наурыздан бері Қазақстанда коронавирус жұқтырудың 2 257 дерегі тіркелді. Оның ішінде COVID-19 жұқтырған 114 бала қазір ауруханада жатыр. Кавасаки синдромы — өте күрделі ауру, күретамырға зақым келеді. Жыл басынан бері Нұр-Сұлтан, Алматы, Петропавлда Кавасаки синдромының 3 дерегі тіркелді", — деді ол ОКҚ-нің онлайн-брифингінде.

Оның айтуынша, ауруға шалдыққан балалардың денсаулығы әртүрлі жағдайда.


"Нұр-Сұлтандағы баланың жағдайы тұрақты. Бұл — өте күрделі, өте сирек кездесетін ауру. Сондықтан оған ерекше күтім қажет" — дейді Бағдат Қожахметов