Моңғолияда тұратын қазақ әншісі дүниеден өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 487.44
  • 567.38
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Моңғолияда тұратын қазақ әншісі дүниеден өтті

Моңғолияда тұратын қазақ әншісі дүниеден өтті

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы BAQ.KZ- ке сілтеме жасап хабарлайды.

Ол 1942-жылы Улаанхус сумынында дүниеге келген. 1959-жылы 7-ші сыныпта арнайы шақырумен МДТеатрының хор

  • 11 Тамыз 2020
  • 18
Фото - Caravan.kz


Ол 1942-жылы Улаанхус сумынында дүниеге келген. 1959-жылы 7-ші сыныпта арнайы шақырумен МДТеатрының хор драма класына қабылданған.Театр сахнасында сан түрлі кейіпкерлер сомдаумен қатар өзінің бұлбұл дауысымен 200-ден астам ән орындап,көрермен көпшілік алғыс рахметіне бөленген.Атап айтсақ Латиф Хамидиннің "Қазақ вальсі" "Бұлбұл" қатарлы әндері, Д.Нацагдорж М.Хұрманхан "Жұмбақ төбелері"операсынан Нансалмааның ариясы, Мұхан Төлебаевте "Біржан сал"-да Сараның ариясы ,актирцалық өнерде Островский "Құрыш қалай шынықты"пьесасында Тонияның ролі, Лодойдамба.Монголхан "Бес саусақта" Гэрэл қатарлы көптеген кейіпкерлерді көркем сомдаған.

1963-жылы өзінің еселі еңбегінің нәтижесімен дүние жүзі жастарының 8-ші,1966-жылдары 9-шы фестивалына табысты қатысты.Хаду апамыздың еңбегін аймағымыз жане өкіметіміз жоғары бағалап ұйымдық мекеме,аймақтық саңылақ алтын жұлдыз орденмен сыйласа 1975-ші жылы Улаанбаатыр қаласында өткен МДТеатрының 10-күндігінде Монгол Еліне Өнері Сіңген әртісі атағымен сыйланды.

1990-шы жылдары ата мекен Қазақ еліне қоныс аударған.