Светлана Тихановская Беларуссиядан кетіп қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 487.44
  • 567.38
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Светлана Тихановская Беларуссиядан кетіп қалды

Светлана Тихановская Беларуссиядан кетіп қалды

Беларусь президенттігіне үміткер Светлана Тихановская Литвада. Бұл туралы Литваның сыртқы істер министрі Линас Линкявичюс мәлімдеді.

  • 11 Тамыз 2020
  • 21
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Светлана Тихановская қауіпсіз жерде, ол Литвада", — деп жазды Линкявичюс Twitter-де.

Бұған дейін Светлана Тихановскаяның республиканың ОСК ғимаратында ұсталғаны туралы қапарат тараған еді. 

Беларусьтің мемлекеттік қауіпсіздің комитеті Тихановскаяға қастандық жасалғанын, оның алдын алғанын хабарлады. Ведомствода оппозицияның біріккен штабынан Тихановскаяның өміріне қауіп-қатері төнгені туралы хабарламалар алғанын атап өтті. 

9 тамызда жексенбіде Беларусьте президент сайлауы өтті. Минскідегі сайлау учаскелері жабылғаннан кейін, көшпелі дауыс беру кезінде жарияланған сайлау нәтижелерімен келіспейтіндер наразылық акцияларын бастады.

ОСК-нің нақтыланған мәліметтеріне сәйкес, Беларуссияның қазіргі көшбасшысы Александр Лукашенко өткен сайлауда 80,08 пайыз дауыс жинады, Тихановская – 10,09 пайыз.


Дегенмен, Светлана Тихановская президенттік сайлауда жеңілгенін мойындаудан бас тартты, ал оның штаб-пәтері президент сайлауының ресми нәтижелерін мойындамайтынын мәлімдеді. Олар республиканың барлық аймақтарындағы сайлау учаскелерінен алынған мәліметтер бойынша Тихановская 70-80 пайызға жинағанына сенімді.

Сонымен қатар, Светлана Тихановская жоғарғы мемлекеттік лауазымға сайлау қорытындысы бойынша республиканың Орталық сайлау комиссиясына шағым берді.

Айта кетейік, 10 тамызда Беларусьте наразылықтар қайта басталды.