Қазақстанда жаңа тұрғын үйдің бағасы 5%-ға өскен - kaz.caravan.kz
  • $ 487.44
  • 567.38
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда жаңа тұрғын үйдің бағасы 5%-ға өскен

Қазақстанда жаңа тұрғын үйдің бағасы 5%-ға өскен

Статистика комитетінің мәліметінше, өткен жылдың шілде айындағы көрсеткішпен салыстырғанда биыл елімізде жаңа тұрғын үй бағасы 5,4%-ға өсті.

  • 11 Тамыз 2020
  • 30
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Baq.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Баспана бағасының өсімі 17 өңірде тіркелген. Көрсеткіштің көшін бастап тұрған Көкшетау (+12,8%), Орал (+12%) және Қостанай қалалары (+11,2%).

Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында жаңа тұрғын үй бағасы 7,6 и 5,8%-ға көтерілген. Бағаның төмендеуі тек Өскемен қаласында байқалады (-2%). Қалған алты өңірде жаңа тұрғын үй бағасының өсімі тіркелмеді. Соңғы бір айда жаңа тұрғын үй бағасы орташа алғанда 0,2%-ға көтеріліп, 1 шаршы метр үшін 298,9 мың теңгені құрады.

Шілде айының қорытындысы бойынша жаңа тұрғын үйдің бағасы ең қымбаты Нұр-Сұлтан (373,3 мың теңге), Алматы (358,7 мың теңге), Атырау (326,1 мың теңге) қалаларында.

Ең төмен баға – Петропавл, Тараз және Қызылордада. Мұнда 1 шаршы метр тұрғын үйдің бағасы 140 мың теңге.

Ал екінші нарықтағы тұрғын үй бағасына келер болсақ, жыл басынан бері елімізде оған деген сұраныс артып, баға орташа алғанда 6 пайызға өскен.