Осы тұрғыда Caravan.kz медиа порталының тілшісі Қазақстан Республикасы, «Республикалық Ұлттық Түркі жекпе-жек Алпагут федерациясының» президенті Құлтасов Ынтымақ Кенжебекұлымен сұхбаттасты.
"Елбасымыздың қолдауымен, оның өте көрегендігінің арқасында қазіргі таңда түркі халықтарымен өте жақсы мәдени қарым-қатынастамыз. Қоғамдық өміріміз олармен етене жақын. Көптеген іс-шаралар, мемлекетаралық жарыстар, әдістемелік мән алмасу семинарлар жүргізіледі.
Түркі халықтарының спорт саласының дамуы, халықаралық жарыстар өткізу, ежелгі дәстүрлі, түркі жауынгерлік өнерін дамытудың нүктесі осы — «Алпагут» спорты деп атап айта аламын, — дейді Қазақстан Республикасы, «Республикалық Ұлттық Түркі жекпе-жек Алпагут федерациясының» президенті Құлтасов Ынтымақ Кенжебекұлы.
Жауынгерлік өнер Алпагут жекпе-жегі түркі халықтарының жақындасуына елеулі үлес қосады, әрі мәдени қарым-қатынасты дамыта түседі. Ұлттық мұралар мен салт-дәстүр арқылы бауырлас халыққа айналады.
Жас жеткіншектер, яғни, біздің келешегіміз, ертеңгі ізбасарларымыз қарым-қатынаста болып, осы спорт әлемдік көпірге айналады. Мемлекеттер арасындағы моральдық, адамгершілікке тәрбиелеу, олардың жауынгерлік және патриоттық рухын нығайту біздің міндетіміз.
Бұл спорт түрі — біздің тарихымыз. Әр елдің өз төл тарихы – спорт. Сондай-ақ, Қазақстан тарихы Түркі әлемін жарыққа шығару осы Алпагут спортының тамыры тереңге кетеді. Түркі әлемі алыс ежелгі Қазақстан.
Біз «Республикалық Ұлттық Түркі жекпе-жек Алпагут федерациясы» сайыстар өткізіп тұрамыз. Біздің қызметіміз отанға деген сүйіспеншілікке, патриоттыққа баулуға, үгіт-насихатқа бағытталған.
«Республикалық Ұлттық Түркі жекпе-жек Алпагут федерациясы», сонымен қатар, біздің қоғамдағы бағытымыз жастардың денінің саулығы мен білімін қадағалай отырып, тәрбиелеу үшін бар күшімізді салуға тырысамыз.
— Алпагут Федерациясы қанша елде бар?
Алпагут Федерациясы бірқатар мемлекеттерде ашылып, Түркі жекпе-жегі қанат жайып келеді. Сондай-ақ, Алпагут Федерациясының ашылған мемлекеттерді атап айтсам: Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркменстан, Түркия, Россия, Украина, Белоруссия, Грузия, Австралия, Иран, Индия, АҚШ, Канада, Германия, Англия, Франция, Венгрия, Болгария, Чехия, Словакия тағы да басқа мемлекеттерде ашылғалы тұрғандығы үлкен дайындықтың бар екендігі мәлім.
Дәстүрлі Алпагут Федерациясы спорт түрінің айырмашылығы қатаң тәртіп пен ынтымақтастықта. Әрі Түркілер мен бүкіл Әлем халықтарын, Түркілердің терең тарихын айқындау мен тығыз байланыстыра отырып ежелгі Түркі әлемін жаңғыртады.
Алпагут спорт түрінің ашылған елі
1.Әзірбайжан мемлекеті орталығы Баку қаласында 2010 жылдарда ашылып осы күнге дейін 20 мемлекеттің үстінде жастар осы Алпагут Түркі жекпежегімен айналысуда. Орталық Азия, Кавказ, АҚШ, Канада мемлекеттері және Европаға тарады.
Алпагут түсінігі
"Алпагут" (Алып құт), (АЛП) АЛЫП ЖАУЫНГЕР немесе ҰЛЫ деп атайды, (гуд) "құт — киелі" немесе "алып құт" дегенді білдіреді.
"Ұлы жауынгер" деп те атауға болады.
Ақыл кеңесшілермен бірге осы спорттың түрі жауынгерлік өнерін, яғни, спорттық түрін осылай құрады.
— Ашылуына кімдер себепші болды?
— Атап айтсам, осы спорт түрін бастан аяқ жүргізіп отырған, өзіміздің қазағымыз Жаңаөзен қаласының тұрғыны, Халықаралық Алпагут Федерациясының (генеральный секретары) бас хатшысы, әрі кеңесшісі, спорт шебері Туберов Аманжол және Әзербайжан спорт шебері Васив Кутсан екеуі осы спорт түрін 2000 жылдары құрды.
— Осы спорт түрі ұлттық спортқа жата ма?
— Бұл спорт түрі біздің тарихымыз, оның тамыры тереңге кетеді, Түркі жекпе-жегі алыс ежелгі Қазақстан емес пе.
Әр елдің өз төл тарихы, спорт түрі бар, сондай-ақ, ҚАЗАҚСТАН тарихы САҚ дәуірінен басталады.
Түркі жауынгерлік әдісі біздің дәуірімізге дейін ІІ-ІІІ ғасырларда құрылған. Бірақ, белгілі авторы жоқ .Сол заманнан бері ұмыт қалмай келе жатқан түркі жекпе-жегі әлемі бұл біздің ата-бабаларымыздан жалғасып келе жатыр. Бұл біздің өміріміз.
Алып құт (алпагут) спортының мақсаты — жастарды бауырмалдылыққа адамдық тұрғыда тәрбиелеу. Ұлттық дәстүрді насихаттауға, отанға деген сүйіспеншілікке бағытталған.
— Осы спорт түрі қолданатын әдістер қандай?
— Алпагут Түркі жекпе-жегі үшін, Түркі халықтарының жауынгерлік өнері түрлі әдістері бар.
Жекпе-жек жүйесінің 3 нұсқасы бар: «AЙПАРА», «БАТУР», ЖАЙМАЗ.
Біріншісі киокушин каратэге ұқсас.
«БАТУР» жүйесі ережелері K1 және TАЙ БОКСИНК ұқсас жүйесі, әрі күрес түріне де ұқсас келеді. Бірақ, 20 секундтан артық ұстасып, күресуге жол берілмейді.
«ЖАЙМАЗ». Жоғарыда айтылған барлық әдістер қолданылады:
Соққылар, аяқ, бас және ұстамалар — таза түркі атаулары болып табылады. Барлығы осы «Диуани ежелгі Түркі» лексикасынан алынады. Тіпті дипломда да, белбеуде де ежелгі түркі алфавиті «Urkun» бар.
Дегенмен, жүйелерінің барлық 3 түрі, қасқыр және сұңқар диапазонында жүргізіледі. Қасқыр мен сұңқар тотемі үйірмелері ғана түркі әлеміне тиесілі.
3 метрлік диаметрінде (қасқыр диапазоны) айналдыра бір минут күресуге тиіс, бұл өте қиын, 3 метрлік диаметрден шығып кетпеу керек, шығып кеткен жағдайда ескерту беріліп ұпай саны кемиді.
Осыдан кейін бізге (сұңқар диапазоны) 6 метрлік шеңберінде, еркін күресті жалғастыру қажетпіз.
1. Жарыс алаңы тегіс әрі жазық болуы тиіс. Ешқандай да кедергілер болмауы керек.
2. Жарыс алаңы үшін төрт бұрыш жабылған. Маты болуы тиіс
3.Татами деңгейі 1 метрден жоғары болмауы тиіс немесе кәсіби рингте болуы керек.
4. Мөлшері 10 х10 м, ішіндегі қорғаныш аймағы көлемі 8.0 х 8.0 метр болуы шарт.
5. Татами орналасқан ортасында екі шеңбер. Сыртқы бірі диаметрі 6.0 метр (шеңбер БҮРКІТ) және екіншісі ішінде диаметрі 3.0 метр ( шеңбер ҚАСҚЫР ).
6. Бас төреші төрешілер алқасы алдындағы алаң.
7. Орталық судья татами орналасқан ортада барлық алаңда қадағалаумен ауысып жүреді.
8. Жаттықтырушы орналасқан алаңнан тыс тарапта татами сыртында қадағалайды. Егер татами еден деңгейінен көтерілген болса, онда жаттықтырушы көтерілген деңгейден тыс болуы тиіс.
Түсініктеме: Жарнама тағы басқа қалқан немесе бағаналар Алаңнан 1-метр қашықтықтан жақын болмауы тиіс.
Қолданыстағы маты тайғанақ болмауы тиіс, жекпе-жек қозғалысында әрі еденде тайғанамай қозғалыссыз қалпында болуы тиіс. Спортшылардың жүріп- тұруына кедергі болмас үшін үйкеліс коэфиценті жоғары болуы тиіс әрі матылар арасында саңлаулар болмауы керек. Өйткені, саңылаулар сүрініп, жығылуына және жарақат алуына себеп болуы мүмкін.
Алпагут техникасында, сондай-ақ, пышақ қолдану бар. Садақ, семсер, атпен шабу, ат үстінде арпалысу (аударыспақ). Осы түрінде біз әзірге қолданысқа енгізген жоқпыз.
— Үлкен олжамен оралған кезеңді айтсаңыз
Алпагут Түркі жекпе-жегі Əлем Чемпионаты 2018 жылы 23-27 қарашада Əзербайжанның Баку қаласында өтті . Оған 21 мемлекет қатысты.
Қазақстаннан "Республикалық ҰлттықТүркі жекпе-жек Алпагут федерациясы" бойынша14 спортшы қатысты .
5 — алтын алқа, 6 — күміс алқа, 2 — қола алқамен, яғни, барлығы 13 алқамен келдік.
Алпагут Түркі жекпе-жегі бойынша Əлемдік деңгейде 2-ші орынға ие болдық.
— Карантин уақытында да онлайн сабақтар өткізілетін шығар
— Иә, әрине. Тапсырмалар онлайн түрде өткізіліп жатыр. Онлайн тренингтар да болуда. Өзіміз де, шәкірттер де демалыссыз еңбек етіп жатқан жайымыз бар.
— Кейінгі буынға айтар ақыл-кеңесіңіз
— Дəл қəзіргі таңда жастарға айтарым, біз əр қашан спорт пен бірге болуымыз керек, спорт адам баласын шыңдайды. Әрқашан ширақ қозғалуымызға , деніміздің саулығына арқау болатын осы спорт.
Түркі жекпе-жегі спорты əлемдік деңгейде орын алып келеді. Ерте заманнан əлемді тəртіпке шақырған, біздің Түркі бабаларымыздың жаугершілік замандағы қолданған жекпе-жек тəсілдері əлі күнге дейін ұмытылмай, бүкіл əлемге тарап сол əдістемелік мəннен қаншама елдің өз спорт түрлеріне айналған түбірі осы Түркі жекпе-жегінің көшірмесі екенін біз ешқашан естен шығармауымыз керек екендігін еске саламын.