"Айына бір ат мінсем, маған жетпей ме сол?!" Ермахан Ибраимов бата беретіні туралы айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Айына бір ат мінсем, маған жетпей ме сол?!" Ермахан Ибраимов бата беретіні туралы айтты

"Айына бір ат мінсем, маған жетпей ме сол?!" Ермахан Ибраимов бата беретіні туралы айтты

Белгілі боксшы, Сидней олимпиадасының чемпионы, таяуда ғана Алматыда өткен митингке қарсы атойлап жүріп, қалалық мәслихаттың депутаты болып шыға келген Ермахан Ибраимов «Баталы құл арымас…» дегенді басқаша түсінетін сияқты.

  • 18 Қаңтар 2021
  • 390
Фото - Caravan.kz

Себебі ол өзінің тойларда бата беріп, пайда тауып жүргенін айтты, деп жазды paryz.kz.

Журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында бокшы өзін «қазақтың батыры» деп атап, жұрттың сол үшін бата сұрайтынын алға тартты. Ал ол сөзі видеоны Facebook желісінен көрген көпшілікке жақпай қалды. Алдымен сұхбаттан үзінді келтірейік:

– Ешқандай қызмет қылмаймын. Тойға қонақ болып барамын мен…

– Ал соған ақша аласыз ба?

– Берсе, аламын.

– Бере ме?

– Негізі тойға шақырған адамдар: «Менің тойыма Ермахан Ибраимов келді. Олимпиада чемпионы келіп, тост айтып, балама бата берді», – дейді. Көбіне тұсаукесер, сүндет той, соларға неге қазақтың батыры Ермахан Ибраимов барып, бата бермеске? Оның жолын ашпасқа?

Бата бағаланады?..

Бата бағаланады!

– Қаншаға?

– Астыма бір ат мінгізіп, үстіме шапан жабады.

– Сонда қанша ат мінесіз?

– Айына бір ат мінсем, маған жетпей ме сол?!

– Жылына 12 ат?

– 12 ат!


– Соғымнан қиналмайсыз?

– Қиналмаймын.

Ал осы сұрақ-жауапты тыңдаған Бауыржан Оспанов есімді азамат боксшыны «Орысша айтқанда, «свадебьный генерал» деп бағаласа, Сәуле Ерболатова атты желі қолданушы:

«Қазақ ешуақытта өзін-өзі мақтамайды. Сен жақсы болсаң, халық мақтайды. Бата бергенде ақша алмайды, бата сатылмайды. Батаны шын ниетімен, ақ жүрекпен береді. Ол саған сауда емес», – деп қынжылыс білдірді.

Ергенбек Дәлел есімді азамат болса, одан жұрттың не үшін бата сұрайтынын түсінбей дал. Бұл ретте ол Ермаханның соншалықты көпті көрген, жасы келген, елге сыйлы ақсақал емес екенін айтса, келесі Бауыржан Накиев атты азамат:

«Мына жігіттің ақылы онша емес қой. Қай қазақ батасын сатқан? Батасын сатқан атасын сатқанмен бірдей емес пе?» – деп кейіді.

Өзге желі қолданушылар да батырлық пен чемпиондықты шатастырмау керектігін, сонымен қатар, бата беруді ақша табу мен «соғым сындырудың» көзі етіп алудың әбестік екенін ескертуде.