Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.
Бағалау нәтижелері бойынша іскерлік белсенділік индексі наурызда оң аймаққа өтіп, 50,6 болды (биылғы ақпанда – 49,0). Көрсеткіш 2020 жылдың басынан бері алғаш рет шекті мәннен асып түсті.
Қызмет көрсету саласында ақпанда іскерлік белсенділік индексі 49,2 болса, наурызда 51,2 көтерілген.
Құрылыс саласында ақпанда 47,4 -тен 46,5-ке дейін азайған.
«Аймақтар тұрғысынан алып қарағанда, наурыз айында іскерлік белсенділік 10 өңірде жақсарғанын байқауға болады, 7 облыста нашарлады. Іскерлік белсенділіктің ең жоғары деңгейі Солтүстік Қазақстан (60,9) мен Қостанай (56,9) облыстарында, ең төменгісі – Түркістан облысында (42,3) «,- дейді Жандос Шаймарданов.
Алдағы 6 айда көрсетілетін қызмет индексі 18,6 болуы ықтимал. Бизнес климат индексі ақпанда -11,9 болса, наурызда төмендеген — 9,9 құраған.
Сауалнамаға барлығы 459 кәсіпорын: құрылыс саласынан — 67, өнеркәсіп саласынан — 176, қызмет саласынан — 216 кәсіпорын қатысқан.