Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы zakon.kz.-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Еслямова басты рөлде ойнаған "Айка" фильмі әлі де марапаттарға ие болуда. Бұл жолы ресейлік киноакадемияның Ника сыйлығын ұтып алды. Әрине, ең мықты әйел образы үшін.
"Мен Мәскеуге бара алмадым. Мен үшін сыйлықты фильмнің екінші режиссері, актер Вячеслав Агашкин алды. Слава болмаса, бұл фильм сәл өзгеше болар ма еді?.. Ол жүгіріп жүріп, түсірілім орындарын, артистерді өзі тапқан өте еңбекқор адам. Мен тағы бір рет "Айка" фильміндегі барлық әріптестеріме рахмет айтқым келеді, — деп атап өтті Самал Еслямова.
"Айка" — режиссер Сергей Дворцевтің 2018 жылы тжарық көрген драмалық фильмі. Бұл фильм 2018 жылы мамырда 71-ші Канн кинофестивалінің басты байқау додасына ұсынылып, онда Самал Еслямова "Үздік әйел рөлі" номинациясы бойынша бас жүлдені иеленді.
10 қарашада басты рөлде қазақстандық актриса Самал Еслямова ойнаған "Айка" фильмі Котбусте (Германия) өткен 28-ші Халықаралық кинофестивалдің Гран-при иегері атанды. Бас жүлдеге 40 елден 190 кинокартина өзара бәсекеге түсті. Гран-приден басқа "Айка" фильмі қазылар алқасының жүлдесімен де марапатталды.
26 қараша 2018 жылы "Айка" Токио кинофестивалінде Filmex кино фестивалінің Гран-приін жеңіп алды.
2018 жылдың 17 желтоқсанында Сергей Дворцевойдың "Айка" фильмі "Үздік шет тіліндегі фильм" номинациясы бойынша "Оскар" сыйлығы тізіміне енген. Ол кезде фильм Қазақстан атынан ұсынылған [5], бірақ, режиссердің айтуы бойынша, промоушенге ақша жетпей қалғандықтан, ол номинанттардың қатарына ілінбеген.
Бұл кино Ресейде 2019 жылдың 14 ақпанында прокатқа шықты.
2019 жылдың наурыз айында Гонконгта Asian Film Awards академиясы Самал Еслямоваға "Айка" фильміндегі рөлі үшін "Азияның ең мықты актрисасы" жүлдесін берді. Бұл жүлдені "Азияның Оскары" деп те атайды.