Қапшағайда браконьерлерден 530 келі балық тәркіленді - kaz.caravan.kz
  • $ 485.95
  • 565.74
+34 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қапшағайда браконьерлерден 530 келі балық тәркіленді

Қапшағайда браконьерлерден 530 келі балық тәркіленді

Балқаш-Алакөл бассейнінде браконьерліктің алдын-алу мақсатындағы іс-шара барысында Қапшағай қаласында балық ресурстарын заңсыз сақтау фактісі анықталды.

  • 19 Мамыр 2021
  • 38
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Azattyq ruhy-на сілтеме жасап хабарлайды.

Айта кетсек, И. есімді тұрғыннан 530 келі бірнеше балық түрі, сондай-ақ 140 км (140 000 метр) жуық пайдалануға тыйым салынған балық аулау құралдары (синтетикалық моножіптер мен моноталшық) тәркіленді. Балық ресурстарына келтірілген алдын-ала залал көлемі 1 млн 211 мың теңгені құрады.

Қазір аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүргізілуде, рейдтік іс-шаралар жалғасуда.