Вакцина: Алматыда мың адамнан тұратын 315 егу бригадасы бар - kaz.caravan.kz
  • $ 485.95
  • 565.74
+32 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Вакцина: Алматыда мың адамнан тұратын 315 егу бригадасы бар

Вакцина: Алматыда мың адамнан тұратын 315 егу бригадасы бар

Алматы қаласында бір тәулікте 2 372 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды.

  • 21 Мамыр 2021
  • 27
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Вакцинацияның жалпы санынан 60 жастан асқан қарт кісілер саны — 30 553.

«Бүгінгі күнге дейін қазақстандық QazVac вакцинасын 3000 адам алды. 3 мамыр күні қытайдың Sinopharm вакцинасы 15 000 дозасы жеткізілді, оның бірінші компоненті бойынша 6 429 адамға вакцина егілді» — деп атап өтті басқармадан.

Бүгінгі күні қалада 214 пункт жұмыс істеп тұр. 1 282 адамнан тұратын 315 егу бригадасы бар. Сонымен қатар, 40 көшпелі мобильді бригада ұйымдастырылды.


«Қазіргі медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың СОСО-да вакцинация пункті жұмыс істейді» — деп нақтылады Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.