Бұл туралы Сaravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
"2020 жылғы 28-29 қарашада Алматыда "Айшуақ Жантүгел" ҰҚТ-ның жеті белсенді мүшесін құрықтау бойынша арнайы операция өтті. Бұл былтыр сәтті өткізілген операциялардың бірі. Дайындықты ҰҚК мен ІІМ бірлесіп жүргізді.
Қылмыстық топты әшкерелеу барысында оның ықпалы 2018 жылы Сарыбұлақ көліндегі заңсыз балық аулау саласында басталғаны анықталды", — деді ҰҚК өкілі.
ҰҚК мәліметі бойынша, ұсталған ҰҚТ мүшелері көтерме-бөлшек сауда базарларына, "Сайран" автовокзалы инфрақұрылымына және Алматыдағы басқа да нысандарға бақылау орнатып үлгерген.
"Анықталған қылмыс эпизодтары "Алатау", "Өжет", "Кенжехан" базарлары кәсіпкерлерінің, соның ішінде "Барахолка" базарында қорқытып-үркіту, қарақшылық, төбелес, адамдарды ұрлау және басқа да жалпы қылмыстармен байланысты. Сондай-ақ, ҰҚК және ІІМ қызметкерлері 2016 жылы қылмыстық билік Нұрбековтің өліміне топтың жекелеген мүшелерінің қатысы бар-жоғы туралы деректерді жинады", — делінген хабарламада.
ҰҚТ қатысушыларының тұрғылықты жерлерін тінту барысында төрт атыс қаруы мен оқ-дәрілері тәркіленді. Адам өлтіру, қарақшылық шабуыл, бопсалау және озбырлық дерегі бойынша 17 қылмыстық іс қозғалды.
Комитет мәліметі бойынша, ҰҚТ-ның қалған қатысушыларын анықтау бойынша жедел-іздестіру шаралары кешені жүргізіліп жатыр.