Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Айта кетсек, 1980 жылы туған Әлия Камиева 5 шілде күні өзімен бірге телефонын алмай тауға шығып кеткен. 7 шілде күні әйелдің анасы құтқарушылардан көмек сұрады.
"Сағат 10.56-да Үлкен Алматы көлі маңында жоғалған Әлия Камиева табылды. Оның жағдайы ауыр деп бағалануда. Зардап шегушіні ауруханаға жатқызу қажет. Төтенше жағдайлар департаменті "Қазавиақұтқару" тікұшағының көмегімен ауруханаға жеткізу ұйымдастырылды", – деп хабарлады ТЖД.
Естеріңізге сала кетейік, іздестіру-құтқару жұмыстарына құтқарушылардың ең көп саны жұмылдырылды. Әйелді Республикалық жедел-құтқару жасағының, "109" құтқару қызметінің қызметкерлері және 75 волонтер іздеді. Сондай-ақ іздеу жұмыстарына дрон қолданылды.