Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.
Айсәуле атаулы күнге екі жақтың ата-аналары мен жақын достарын шақырған. Кешті шоумен Мұрат Мұтырғанов жүргізген.
Бақытбекқызы кешті испан стилінде безендірген. Қыз не ұл деген жазудың өзін испан тілінде жаздырған. Бұл қылығын бикеш былай түсіндірді: "Менің күйеуім испан тілін жақсы біледі және "Реал" футбол клубының жанкүйері. Бар хикая осы".
Кеш қонақтары УДЗ-ның жауабын білгенге дейін өз нұсқаларын айтып, тіпті бәске ақша тікті. Меймандар жасаған болжамдарына сай, алқызыл және көгілдір түсті киім киіп келген. Бұл да Айсәуленің ойлап тапқан дресс-коды. Баян Алагөзова жиен немересі ұл болады деп, ал Айсәуленің енесі қыз болады деп күткен.
Кештің қалай өткенін көрсеткен Айсәуле көп ұзамай қызды болатынын жариялады.
"Әкең мен анаң сені күтеді. Балақай", – деп жазды ол Instagram-дағы парақшасында.