Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.
"Beeline Қазақстанның кейбір қалаларында — Ақтау, Атырау, Орал, Петропавл, Қызылорда, Ақтөбеде мобильді интернет қызметін ұсынуда шектеулер болғанын растайды. Алдын ала мәліметтер бойынша, бұрғылау жұмыстарын жүргізу кезінде белгісіз тұлғалар Beeline кабелін зақымдаған", — делінген хабарламада.
Компанияның мәліметінше, ұялы байланыс операторының инженерлері оқиға орнында, байланыстарды қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
"Өкінішке орай, кейбір қалалардағы қолайсыз ауа-райы мен қалың қар жағдайды қиындатып отыр, бірақ біз қалпына келтіру жұмыстарын тездету үшін қолдан келгеннің барлығын жасап жатырмыз" , — деп қосты Beeline Қазақстан.