"Шымкент менің туған жерім болып қала береді": Шымкенттен қорыққаннан көшкенін айтқан ресейлік актер сөзінен тайқып шықты ма? - kaz.caravan.kz
  • $ 494.63
  • 583.22
-1 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Шымкент менің туған жерім болып қала береді": Шымкенттен қорыққаннан көшкенін айтқан ресейлік актер сөзінен тайқып шықты ма?

"Шымкент менің туған жерім болып қала береді": Шымкенттен қорыққаннан көшкенін айтқан ресейлік актер сөзінен тайқып шықты ма?

Шымкентте туып өскен ресейлік актер Павел Прилучный кеше ғана Шымкенттен қорыққаннан көшкенін айтқан болатын.

  • 3 Наурыз 2022
  • 1786
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Көптеген жазылған пікірлерден дейін актер өз сөзін түсіндірді.

“Ұзақ уақыт бойы үндемей келдім”: Ресейлік актер Павел Прилучный Шымкенттен қорыққаннан көшкенін жариялады

"Менің соңғы жазған постыма көптеген пікірлерді жақсылап оқып шықтым. Адамдар неге бейбіт өмір сүрмейді деген оймен жазылған пікір өткір сөзге айналып кетті. Әркім естгісі келетінді естиді… Менің қанымда көптеген ұлттың қаны бар. Сондықтанда мен адамдарды орыс, орыс емес деп бөлмеймін. Өзімді жартылай азиатпын деп санаймын және қазақтардың ішінде достарым әлі де көп. Ал Шымкент менің туған жерім болып қала береді.

Бірақ, ол тамаша қалады кезінде түрлі жағдайлар болған, мен сол жағдайдың біріне түсіп қалған болатынмын. Мені ар-ұят мазалайтындай ештеңе істеген жоқпын. Пікір білдірген адамдарды да ар-ұят мазаламас деп үміттенемін", — деді Павел Прилучный.