“Тіс жуып, дәрет алып әйеліне жолайтын азаматтарға мың алғыс”. Facebook-те жазылған ерекше жазба кеңінен таралды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Тіс жуып, дәрет алып әйеліне жолайтын азаматтарға мың алғыс”. Facebook-те жазылған ерекше жазба кеңінен таралды

“Тіс жуып, дәрет алып әйеліне жолайтын азаматтарға мың алғыс”. Facebook-те жазылған ерекше жазба кеңінен таралды

Facebook желісінде ер азаматтарға қатысты жазылған Құралай Сейсенбекқызының жазбасы кеңінен таралып кетті.

  • 10 Наурыз 2022
  • 1198
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz порталы хабарлайды.

Аталған пост мереке қарсаңында жазылған. Дегенмен ондағы айтылған сөздер кейбір ер-азаматтардың шамына тиген сыңайлы. 

"Әйел өзі қатарлас жігіттерден үлкен көрінеді" деген дәмесі зор дәйектеме бар. Әрине үлкен көрінеді, нагло ауыздары темекі мен арақ сасып, жақтырмаса да жабыса беретіндер бар кезде! Әйел бейшара пиво аңқып, арақ сасыған күйеулеріне тыржиып, мыржиып жүріп, кәртейіп кетеді…

Әйелдердің еркекке через не хочу жабысқанын қашан көрдіңдер?! Бізде бәрі ер адамның келісімімен ғой.
Мына еркек лақ сияқты ішіп ап, жуылмаған тісінің арасына салат оралып тұрса да приставать ете беретін мұжықтар — 8 наурызда ішпеңдерші. Байғұс әйел " еркегіне отказ жасауға болмайды" деген түсінікпен тыржиып жүріп туып та жүр ғой…

Пысық: бұл пост арақ пен темекінің құдіретімен ғана әйеліне жабысып, жиіркенішті көрінетін жігіттерге арналған. Өзін мәдениетті көрсетіп, тіс жуып, дәрет алып барып әйеліне жолайтын азаматтарға мың алғыс!",-деп жазба қалдырған автор.

Мұны оқыған желі қолданушылары: 
"Мәәә, нақты айтылған","Керемет пост екен","Әйелдер-ай жандарым","Таза еркектерге мың тағзым","Күшті жазыпсыз","Мықты","Таза жүрсе күшті ғой әйелге приятно ғой", — деп пікір қалдырды.

 

"Әйел өзі қатарлас жігіттерден үлкен көрінеді" деген дәмесі зор дәйектеме бар. Әрине үлкен көрінеді, нагло ауыздары…

Posted by Құралай Сейсенбекқызы on Saturday, March 5, 2022