Желіде ақылға қонбайтын ырымның видеосы оқырмандардың ашуын келтірді - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Желіде ақылға қонбайтын ырымның видеосы оқырмандардың ашуын келтірді

Желіде ақылға қонбайтын ырымның видеосы оқырмандардың ашуын келтірді

Желіде ақылға қонбайтын ырымның видеосы тарады.

Бұл туралы Caravan.kz порталы Akparat.kz -ке сілтеме жасап хабарлайды,

  • 14 Наурыз 2022
  • 81
Фото - Caravan.kz

Видеода кішкентай сәбиді анасы ұстап отыр. Ал жасы үлкен кісі баланың басына шұжықты қойып, оны өткір пышақпен кесе бастайды.

Instagram-дағы Aqparat.kz парақшасында бәзбіреулердің ырым жасап отырған видеосы тарады. Онда үлкен кісі кішкентай баланың басына шұжықты ұстап тұрып, оны кесе бастайды.

Желі қолданушылары осы видеоға наразылығын білдіріп жатыр. Біразы бұл ырымның қайдан шыққанын, не мағынасы бар екенін түсінбей дал. Қазақстандықтар ырымды жасағандарды сөгіп жатыр:

Артынан жұмыртқа жармадыңыздар ма? Ақымақтық.

Мына апамыз қуды. Рольге жақсы кіріп отыр.

Баланың басына пышақ тиіп кете ме деп жүрегім ұшты ғой.

Желі қолданушылары: "Масқар","Бұл не тағы","Есалаңдар","Қуады осылар","Тобаааа",-деп пікір қалдырды.