Қазақстанда доллардың құны 2001-жылғы шілде айындағы деңгейге дейін төмендеді - kaz.caravan.kz
  • $ 441.44
  • 473.09
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
30 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда доллардың құны 2001-жылғы шілде айындағы деңгейге дейін төмендеді

Қазақстанда доллардың құны 2001-жылғы шілде айындағы деңгейге дейін төмендеді

10-шілде , бейсенбі күні шетелдерден көп мөлшерде валюта келу есебінен Қазақстанда доллардың құны 147 теңгелік баспалдақтан өтіп, 2001-жылғы шілде айындағы деңгейге дейін төмендеді. Қазақстан қор биржасында теңгенің долларға шаққандағы орташа бағамы бүгін 1$ үшін 146,95 теңгеге дейін өсті. Мұндай деңгей осыдан дәл екі жыл бұрын байқалған.

  • 10 Шiлде 2003
  • 644
Фото - Caravan.kz

Биржа мамандарының айтуынша, 1$ үшін 147 теңгелік баспалдақ ешбір кездергісіз алынған.

«Теңгенің ұзақ уақыт бойы біршама нығаюына дүниежүзілік нарықта мұнай бағасының қымбаттығы әсер етіп отыр»,- дейді биржа сарапшылары. Олардың айтуынша, мұндай ағымға Қазақстандық банктердің еурооблигациялар шығаруы мен көп мөлшерде синдикаттық несиелер алуы да өзіндік әсерін тигізіп отыр. Қара базардағы алыпсатарлық әрекеттер де бұған қосымша түрткі.
Жалпы, сарапшылардың айтуынша қазір рыноктағы ахуал құнның құлдырауына бейімделе бастады. «Трейдерлердің айтуынша, құлдырауға ешкім де кедергі болып отырған жоқ. Ұлттық банк бұл құлдыраудың жылдамдығын реттей отырып ахуалға қатаң бақылау жасап отыр»,- дейді сарапшылар.
Бұған дейін Ұлттық банк төрағасы Григорий Марченко Қазақстан Ұлттық банкі бұл тұрғыда алғашқы жарты жылдықта ұстанып келген саясатты одан әрі жалғастырады деп мәлімдеген болатын. Оның айтуынша, Ұлттық банк нарықта қалыптасқан ағымға қарсы тосқауыл қоймаса да теңгенің мөлшерден тыс шұғыл нығаюына жол бермейді. Алғашқы жарты жылдықта шетелдерден ішкі рынокқа көп мөлшерде валюта келуіне байланысты Ұлттық банк 1,6 млрд. доллар сатып алуға мәжбүр болды. Бұл тұрғыда маусым айында рекордтық жоғары көрсеткіш тіркеліп, бас банк 500 млн. доллар сатып алды.
Ұлттық банк мәліметеріне қарағанда, маусым айында Қазақстанның Ұлттық валютасы АҚШ долларына шаққанда номиналдық көрсеткіш бойынша 1,82% нығайды ( 2002-жылдың маусым айында 0,06% төмендеген болатын), айдың соңында теңгенің долларға шаққандағы орташа бағамы 1$ үшін 147,68 теңгені құрады. Жыл басынан бері теңгенің номиналдық нығаюы 5,24%-ті құрады. Үстіміздегі жылдың 6 айында теңгенің орташа айырбас бағамы 152,03 теңге шамасында тұрақтады.
Соған қарамастан, Қазақстанның саудадағы басқа серіктес-елдерінің валютасына шаққандағы теңге құны керісінше арзандай түсуде. Атап айтсақ, жыл басынан бері Қазақстан ұлттық валютасының евроға шаққандағы орташа құны 8%-ке, Ресей рубліне шаққандағы орташа бағамы 5%-ке арзандады. Қазақстанның сауда-саттық саласындағы негізгі әрәптестері болып табылатын басқа 24 елдің валюталар қоржынына қатысты теңге бағамы 2003-жылдың қаңтар-мамыр айларында 3,3 процентке төмендеді.

Соңғы жаңалықтар