Инфляция болжанған көрсеткіштен жоғары болады – Ұлттық банк - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Инфляция болжанған көрсеткіштен жоғары болады – Ұлттық банк

Инфляция болжанған көрсеткіштен жоғары болады – Ұлттық банк

Биыл ақпан айында жылдық инфляция 8,5%-тен 8,7%-ке дейін жеделдеді, деп атап өтті Ғалымжан Пірматов

  • 15 Наурыз 2022
  • 45
Фото - Caravan.kz

 Геосаяси ахуалдың нашарлауына байланысты Қазақстанда инфляция жеделдеп, болжанған дәлізден шығуы мүмкін. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов мәлімдеді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап. 

"Геосаяси ахуалдың нашарлауы мен сыртқы тәуекелдер жағдайында инфляция болжамын көтеру мәселесі қайта қаралуда. Инфляцияның 2022-2023 жылдардағы нысаналы дәлізден жоғары болып қалыптасу тәуекелі артты", — деді Пірматов үкімет отырысында.

Оның айтуынша, биыл ақпан айында жылдық инфляция 8,5%-тен 8,7%-ке дейін жеделдеді. Инфляцияға азық-түлік тауарлары үлкен үлес қосты. Нан-тоқаш, жарма, сүт өнімдері мен көкөністің қымбаттауына байланысты азық-түлік бағасының өсімі 10%-ке дейін үдеген. Азық-түлікке жатпайтын инфляция 8,5%-тен 8,6%-ке дейін өсті. Ақылы қызметтер 6,8%-тен 7,1%-ке дейін жеделдеді, бұл бірқатар нарық қызметтері бағасының өсуіне байланысты.

"Энергия, металл және ауылшаруашылық өнімдері бағасының өсуіне байланысты жаһандық инфляцияның жоғары мәні әлі ұзақ сақталады. Тиісінше ол ішкі бағаларға қысым жасайды", — деді Ұлттық банк төрағасы.


Пірматов 2022-2024 жылдарға арналған Инфляцияны бақылау және төмендету жөніндегі шаралар кешені, реттелетін тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы қызметтеріне, жанар-жағармай бағасының өсуіне енгізілген мораторий инфляцияны тежеуге ықпал ететінін атап өтті.