Өрт сөндірушілер бұндай өтінішті бір ай бұрын да жасаған. Қазақстанда 2022 жылғы ең төменгі жалақы 60 мың теңге болса, өрт сөндірушілердің бүгінгі жалақысы 65-70 мың теңгені құрайды. Қызметкерлер жалақыны 300 мың теңгеге дейін көтеруді талап етті.
Бұдан кейін жұмыс берушілер өрт сөндірушілердің талаптарын түсінетіндіктерін айтып, өрт қауіпсіздігі және авариялық-құтқару жұмыстарымен қамтамасыз етілген "ҚазТрансОйл" компаниясымен келіссөздер жүргізіп жатқандарына сендірді.