"Ұлтына, дініне қарамай, отбасымызға қабылдап, аналық махаббатымды берер едім": Жазира Байырбекова украиналық балаларды асырап алғысы келетінін айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Ұлтына, дініне қарамай, отбасымызға қабылдап, аналық махаббатымды берер едім": Жазира Байырбекова украиналық балаларды асырап алғысы келетінін айтты

"Ұлтына, дініне қарамай, отбасымызға қабылдап, аналық махаббатымды берер едім": Жазира Байырбекова украиналық балаларды асырап алғысы келетінін айтты

Әнші Жазира Байырбекова Украинадағы соғыста ата-аналары қайтыс болған балаларды асырап алғысы келетінін айтты. 

  • 20 Наурыз 2022
  • 368
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды. 

"Украинадағы соғыстан ата-аналары қайтыс болған бүлдіршіндердің видеосын көрдім. Кіп-кішкентай бөпелер. Сол рас болса, бізге рұқсат етілсе 2-3
бүлдіршінді ұлтына да, дініне де қарамай отбасымызға қабылдап, аналық махабатымды берер едім…
Өзімшіл болма ардақтым
Адамның бәрі өз халқың
(Шәкәрім Құдайбердіұлы)
 "Кешіріңіз, бір сұхбатыңызда бала асырап алуға
қарсымын, ата-анасы ішкіш пе қандай
адамдар болғаны белгісіз баланы
асырап алып, тәрбиелесең түбі бәрібір
ата-анасына тартады деп едіңіз! Енді
келіп украин балаларын асырап
алғыңыз келіп қалыпты. Пікіріңіз
өзгерді ме сонда?", деп сауал қойды әншінің оқырманы.