“Иди… мешаешь” Роза Рымбаева сахнада тыңдарманының кеудесінен итерді - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Иди… мешаешь” Роза Рымбаева сахнада тыңдарманының кеудесінен итерді

“Иди… мешаешь” Роза Рымбаева сахнада тыңдарманының кеудесінен итерді


Роза Рымбаева сахнаға суретке түсуге шыққан көрерменнің кеудесінен итерді, деп хабарлайды Caravan.kz порталы "Dudoser" Instagram парақшасына сілтеме жасап.

  • 24 Наурыз 2022
  • 458
Фото - Caravan.kz

Видеода Наурыз мейрамына арналған мерекелік концерт, сахнада Роза Рымбаева ән айтуда. Әншімен суретке түскісі келген жігіт сахнаға көтеріліп, жұлдыздың қасына жақындап, селфи жасамақ болды. Алайда әнші оны "Ары кет, маған бөгет жасап тұрсың" деп итеріп жіберді.

Желі қолданушылары әншінің бұл қылығын бірі сынаса, бірі жақтады.

"Қартайғанның белгісі", "Фонограмма емес екен", "Дұрыс емес, ер адамның көкірегінен итеруге болмайды", "Ұят болды ғой","Құтырған екен","Сахнаға деген мәдениет керек қой" — деп жазды желі қолданушылары.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

A post shared by Шымсайд (@dudoser)