ҰҚК Каспий теңізінде есірткі тиелген кемеден шетелдіктерді ұстады - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҰҚК Каспий теңізінде есірткі тиелген кемеден шетелдіктерді ұстады

ҰҚК Каспий теңізінде есірткі тиелген кемеден шетелдіктерді ұстады

Екі шетел азаматы мінген шағын кеме Каспий теңізінде ұсталды.

  • 25 Наурыз 2022
  • 64
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

"2021 жылғы қазанда Шекара қызметі мен ҰҚК-ның Маңғыстау облысы бойынша департаменті Каспий теңізі су айлағындағы бірлескен іс-шаралар барысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз кесіп өткені үшін екі шетел азаматы мінген "Амур" типті шағын кемені ұстады", — делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, жүзу құралын тексеру барысында салмағы 14 келі "апиын", 8 келі "гашиш" және "метадон" психотроптық затының 29 пластинасы табылып, тәркіленген.

2021 жылғы желтоқсанда ұсталғандардың бірі 392-баптың 1-бөлігі ("Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту") бойынша кінәлі деп танылып, 5 жыл мерзімге ҚР шегінен шығарумен 6 айға бас бостандығынан айырылған.


2022 жылғы 10 наурызда Мамандандырылған ауданаралық сот екінші шетелдік азаматты Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша кінәлі деп таныған. Оған жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтей отырып, 17 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілген.