Қазақстан қант экспортына тыйым салуы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан қант экспортына тыйым салуы мүмкін

Қазақстан қант экспортына тыйым салуы мүмкін

Осы жылдың соңына дейін қазақстандық тұтынушыларға 45 мың тонна қант қажет.

  • 25 Наурыз 2022
  • 65
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputniknews.kz -ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан ішкі нарықтағы қажеттілікті қамтамасыз ету үшін қант экспортына тыйым салуды жоспарлап отыр.

Аулы шаруашылығы министрлігінің ақпаратынша, жыл соңына дейін қазақстандық тұтынушыларға 45 мың тонна қант қажет болады. Қазір қажетті көлемді сатып алу мәселесі пысықталып жатыр.

"Әрбір қант зауытына логистикаға байланысты жекелеген өңірлерді бекіту ұсынылады. Сондай-ақ, ӘКК-нің (әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы) тұрақтандыру қорларына белгіленген бағамен қанттың қажетті көлемін кепілді сатып алу үшін зауыттармен форвардтық келісімшарт бекіту мәселесі қарастырылып жатыр", — деді ведомстводағылар.

Қазіргі уақытта министрлік 126 мың тонна қант пен құрақ қант шикізатын бажсыз әкелуге квота берді. Квотаның қалған бөлігіне (124 мың тонна) өтінім қабылдауды жүріп жатыр.


Бұдан бөлек, қант экспортына тыйым салу туралы бастама жасалды, бажсыз қантты (халыққа тікелей сату мүмкіндігі) әкелуді квоталау жөнінде НҚА-ға өзгерістер енгізілуде.