Жахан Отарғалиевке Ыстамбұлда аяқ астынан операция жасалды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жахан Отарғалиевке Ыстамбұлда аяқ астынан операция жасалды

Жахан Отарғалиевке Ыстамбұлда аяқ астынан операция жасалды

Жахан Отарғалиевтің денсаулығы сыр беріп, актер Түркияда ота жасатты. Жұбайы Балжан Бидаштың айтуынша, Жаханның 13 жылдан бері белі ауырып келген. Соған қарамастан, актер операция жасату туралы шешімді аяқ асты қабылдаған.

  • 28 Наурыз 2022
  • 603
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жуырда Жахан өзінің тырнақалды фильмін түсірген болатын. "Джохан" кинокомедиясы мамыр айында көрерменге жол тартады. Актер фильм түсірілімі барысында суық суға түсіп, дертін асқындырып алған көрінеді.

"Күн қатты суық болды, ойламаған жерден қар жауып кетті. Осы кезде асқындырып алыппын. Содан бері тоқтамай ауырған соң келдім", – деп бөлісті Отарғалиев.

Жахан мен Балжан Стамбұлға жете салысымен, емханаға жол тартқан. Бірден ота бөлмесіне түскен актер қазір жағдайының жақсы екенін айтты.


"Қатты ауырып тұрған соң, тезірек жасағанын қаладым. Қорқатын уақыт болған жоқ", – деді ол.

Балжан Бидаштың айтуынша, күйеуі Жаханды 13 жылдан бері бел ауруы мазалап келген.