Еліміздің төрт өңірінде жолдар жабылды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еліміздің төрт өңірінде жолдар жабылды

Еліміздің төрт өңірінде жолдар жабылды

 

  • 29 Наурыз 2022
  • 26
Фото - Caravan.kz

Ауа-райының күрт нашарлауына байланысты (боран, жауын-шашын кезінде көрінудің төмендеуіне) Қарағанды, Қостанай, Ақмола және Батыс Қазақстан облыстарында жол учаскелері жабылды, деп хабарлады ҚазАвтоЖол ҰК АҚ баспасөз қызметі.

Қарағанды облысында "Жезқазған-Петропавл" а/ж 65-252 шақымдары арасында автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.

Қостанай облысында 2 учаске жабық:

“Жезқазған-Петропавл" а/ж 252-340 шақырымдары арасы және

"Жезқазған-Петропавл" а/ж 340-377 шақырымдары арасы.

Батыс Қазақстан облысында 2 учаске жабылды:

"Орал-Тасқала-РФ шекарасы" км.76-104, Тасқала кентінің уч. — РФ шекарасы.


"Орал-Тасқала-РФ шекарасы" км.4-72, Орал қаласының уч. — Тасқала кенті.

Ақмола облысында "Жезқазған-Петропавл" тас жолында (377-440 шақырымдары арасы) автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.

ҚазАвтоЖол қызметкерлері жолдардағы жағдайды тәулік бойы бақылауда. Төтенше жағдай туындаған кезде 1403 қысқа нөміріне қоңырау шалу қажет, — делінген хабарламада.