Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының (ҚХА) отызыншы және отыз бірінші сессиясын шақыру туралы өкімге қол қойды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.
"Қазақстан халқы Ассамблеясының отыз бірінші сессиясы 2022 жылғы 29 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласында "Ел бірлігі — жаңарған Қазақстанның тірегі" күн тәртібімен шақырылсын.
Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің шығып қалған депутатының орнына сайлау бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының отызыншы сессиясы 2022 жылғы 28 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласында шақырылсын", — делінген хабарламада.
Үкіметке Қазақстан халқы Ассамблеясының отызыншы сессиясын өткізуді ұйымдастыру жөнінде шаралар қабылдау тапсырылды.