Жүргізушілер Өскемен әкімінің үстінен полицияға шағым түсірді - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жүргізушілер Өскемен әкімінің үстінен полицияға шағым түсірді

Жүргізушілер Өскемен әкімінің үстінен полицияға шағым түсірді

Өскемендік көлік жүргізушілер қала әкімінің үстінен полицияға арыз түсірді. Олар мұндай қадамға жолдың нашар болуына байланысты барған. Тәртіп сақшылары қала тұрғындарының жазбаша өтініштерін қабылдаған.

  • 31 Наурыз 2022
  • 13
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Жүргізушілер қала басшысын жолдарға жауапсыз қарайды деп айыптап отыр.

"Биыл 25 наурызда Өскемен қаласының тұрғыны полиция бөліміне жолдарды көлік қозғалысына арнап, қауіпсіз жағдайда ұстау ережелерін бұзғаны үшін арыз жолдады. Бұл арыз Өскемен қаласының Полиция басқармасында тіркелді", — деді ШҚО ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Татьяна Карпова.

Телеарна мәліметінше, Өскемендегі шұңқырлар битуммен емес, кірпішпен жамалған. Мұндай жөндеу жұмыстары ауыр жол талғамайтын көліктердің де бұзылуына әкеп соғады.


"Бізде жол жоқ, шұңқыр-шұңқыр. Көктем сайын осындай жағдай болады. Бірақ биылдай бұрын болып көрген жоқ", — дейді техникалық қызмет көрсету станциясының қызметкері Сергей Овсянников.