Әлихан Смайылов: Ешбір өзекті сұрақ жауапсыз қалмайды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әлихан Смайылов: Ешбір өзекті сұрақ жауапсыз қалмайды

Әлихан Смайылов: Ешбір өзекті сұрақ жауапсыз қалмайды

ҚР Премьер-Министрі Кеңсесіне қойылған әрбір сұрақ пен көтерілген әрбір проблеманы мұқият зерделеуге тапсырма бердім.

  • 3 Сәуiр 2022
  • 24
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Үкімет басшысы Әлихан Смайылов Facebook-тегі парақшасында жазды, деп жазды Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

«Белсенділік танытып, сұрақ қойып жатқандарыңызға алғыс білдіремін. ҚР Премьер-Министрі Кеңсесіне қойылған әрбір сұрақ пен көтерілген әрбір проблеманы мұқият зерделеуге тапсырма бердім.

Өкінішке қарай, жұмыс бабына байланысты сіздердің барлық сұрағыңызға жеке жауап бере алмауым мүмкін. Десе де, ешбір өзекті сұрақ жауапсыз қалмайтынын және оларға құзырлы органдар міндетті түрде жауап беретінін жеткізгім келеді», — деді Әлихан Смайылов.

Еске салсақ, кеше ҚР Үкімет басшысы Facebook желісінде жеке парақшасын ашып, «Жазылыңыздар, сұрақ қойыңыздар, идеялар ұсыныңыздар. Мүмкіндігінше сауалдарыңызға жауап беріп, қажетті шешімдерді қабылдаймын», — деп жазба қалдырған болатын.