Ақмолалық 850 жасөспірім түнгі уақытта үйден тыс жерде болған - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақмолалық 850 жасөспірім түнгі уақытта үйден тыс жерде болған

Ақмолалық 850 жасөспірім түнгі уақытта үйден тыс жерде болған

Ақмолалық 850 жасөспірім түнгі уақытта үйден тыс жерде болған.

  • 3 Сәуiр 2022
  • 42
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Кәмелетке толмағандар тарапынан және жасөспірімдердің өздеріне қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алу және ескерту, кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде және тұрғын үйден тыс жерде болу, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға алкогольдік ішімдіктер мен темекі бұйымдарын сату фактілерінің жолын кесу мақсатында Ақмола полицейлері рейдтік іс-шаралар өткізуде.

Жоспарланған іс-шараларды іске асыру барысында ювеналды полиция инспекторлары аулаларда, саябақтарда және жастар шоғырланған жерлерде, ойын-сауық орындарында, компьютерлік клубтарда және басқа жерлерде тексерулер жүргізеді, — делінген хабарламада.

Мәселен, 2022 жылдың басынан бері Ақмола облысының 850 жасөспірімі заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз сағат 23.00-ден 06.00-ге дейін тұрғын үйден тыс жерде болды, 141 ата-ана кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.