"4 сәуірде Алматының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты Арман Жұмагелдиевтің қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын 2022 жылдың 7 маусымына дейін ұзартты", — деді Жарылқасын.
Бас прокуратура Арман Жұмагелдиевтің Қылмыстық кодекстің 126-бабы, 3-тармағы, 272-бабы, 2-бөлігі, 287-бабы, 4-бөлігі бойынша күдікке ілінгенін мәлімдеді.
Айта кетейік, бұған дейін Бас прокуратура "Дикий" Арман туралы пікір білдіріп, "Мұндай адамдар ештеңеден тайсалмайды" деп айтқан еді.