“Мәңгілікке келмеді ол, бірақ әттең” - Меруерт Түсіпбаева оқырмандарын ойландырып тастады - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Мәңгілікке келмеді ол, бірақ әттең” - Меруерт Түсіпбаева оқырмандарын ойландырып тастады

“Мәңгілікке келмеді ол, бірақ әттең” - Меруерт Түсіпбаева оқырмандарын ойландырып тастады

Меруерт Түсіпбаева соңғы уақытта әлеуметтік желілерден алыстап кеткен болатын. Дегенмен  көпшілік махаббат жайлы өлеңмен оралған әншіде жақсы жаңалық бар деп топшылауда.

  • 8 Сәуiр 2022
  • 1101
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz порталы хабардайды.

" Мені жоғалтып алдыңыздар ма?! Пропала?! Бармын ғой… Я….Немного борюсь сама с собой. 
Махаббатқа ұқсайды мына көктем,
Мәңгілікке келмеді ол бірақ, әттең…
– Оны саған кім айтты? — дейді, жүрек,
– Жаңбыр айтты! — деймін мен, жылап өткен.

Сағынышқа ұқсайды осы көктем,
Сағыныш та тұрады қасіреттен.
– Оны саған кім айтты? — дейді, жүрек,
– Сезім айтты! — деймін мен, ғашық еткен.

Арманыма ұқсайды анау аспан,
Ол да алдамшы жеткізбей ала қашқан.
– Оны саған кім айтты? — дейді, жүрек,
– Жолым айтты! — деймін мен, көп адасқан.

…Кеудемді ұрып тұратын кейде ақырын,
Неге бүгін жүрегім беймақұрым?
Өтіріктен жалығып кетті-ау, сірә,
– Оны саған кім айтты? — дейді, ақылым!…",- деп Қалқаман Сариннің өлеңімен жазбасын аяқтады.

Желі оқырмандары: "Қандай керемет","Қалқаман мықты ғой","Аман болыңыз","Жартыңызды табыңыз","Бақытты болыңыз",- деп жазды.