Қар аралас жаңбыр: Синоптиктер алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қар аралас жаңбыр: Синоптиктер алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын айтты

Қар аралас жаңбыр: Синоптиктер алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын айтты


Синоптиктер Қазақстан бойынша алдағы демалыс күндері 09-11 сәуірге арналған ауа райы болжамын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

  • 8 Сәуiр 2022
  • 55
Фото - Caravan.kz

Қазгидромет хабарлауынша, еліміздің кейбір аймақтарында қар жауады.

“Алдағы үш тәулікте Қазақстан аумағының басым бөлігінде оңтүстік циклонның және онымен байланысты атмосфералық фронтальді бөліктердің әсерінен, тұрақсыз ауа райы сақталады — жаңбыр жауады, республиканың солтүстік-батысында түнгі уақытта қар мен жаңбыр түріндегі жауын-шашын күтіледі”, – делінген ауа райы болжамында.

Синоптиктердің айтуынша, еліміздің солтүстік-батысында күн бірте-бірте жылынады.

“Оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарда, кейде найзағай мен қатты жаңбыр жауады. Қазақстанның солтүстік, шығыс аудандары ғана солтүстік-батыс антициклон жотасының ықпалында болады. Осыған байланысты мұнда жауын-шашынсыз ауа райы және температураның біртіндеп жоғарылауы күтіледі. Республика бойынша тұман, желдің күшеюі байқалады”, – деді синоптиктер