"Мүлдем араласпаймыз": Сиви Махмуди экс-күйеуі жайлы айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Мүлдем араласпаймыз": Сиви Махмуди экс-күйеуі жайлы айтты

"Мүлдем араласпаймыз": Сиви Махмуди экс-күйеуі жайлы айтты

10 жыл отасқан күйеуімен ажырасқан Сиви Махмуди экс-жарымен қазіргі қарым-қатынасы жайлы айтты.

  • 14 Сәуiр 2022
  • 32
Фото - Caravan.kz

Сөзінше, бүгінде ол балаларының әкесімен мүлдем араласпайды, деп жазады Caravan.kz порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Балаларының әкесін сұраған жандарға Сиви:

"Білмедім, мүлдем араласпаймыз, сөйлеспегелі өте көп болды, шыны керек. Кеткен адам өміріңнен түбегейлі кету керек. Басында кездесіп, сөйлесіп тұратынбыз. Бірақ ол дұрыс емес екенін түсіндім", — деп жауап берді.

Сондай-ақ, өнер иесі отбасын өз еркімен бұзғанын атап өтті.


"Мені ешкім тастап кеткен жоқ. Өзімнің қалауым болды", — деді ол.

Желі қолданушылары екеуінің ажырасуына қызғаныш себеп болды деп болжады. Осы ретте Махмуди болашақ жұбайының қызғаншақ болғанын қаламайтынын жеткізді.

"Өткен шақты қайтеміз қозғап. Болашақ жолдасымның қызғаншақ болғанын қаламаймын", — деді ол.