Павлодарда мектепте өрт шығып, бес бала ауруханаға жеткізілді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда мектепте өрт шығып, бес бала ауруханаға жеткізілді

Павлодарда мектепте өрт шығып, бес бала ауруханаға жеткізілді

Өрт сөндірушілер келгенге дейін мектептен 479 адам, оның ішінде 414 бала эвакуацияланды.

  • 15 Сәуiр 2022
  • 33
Фото - Caravan.kz

"15 сәуірде сағат 11-06-да № 1 мектепте өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Өрт мектептің кітап сақтау кабинетінде тұтанған. Өртің аумағы 15 шаршы метр", — делінген хабарламада.

Өрт сөндірушілер келгенге дейін мектептен 479 адам, оның ішінде 414 бала эвакуацияланды. Сағат 11-41-де өрт сөндірді.

Жедел жәрдем бригадасы өрт орнынан ауруханаға 5 адамды алып кетті.


Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.