"Азық-түлік алып, кетіп қалды". БҚО-да жүрген Ресей әскерінің видеосы тарады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Азық-түлік алып, кетіп қалды". БҚО-да жүрген Ресей әскерінің видеосы тарады

"Азық-түлік алып, кетіп қалды". БҚО-да жүрген Ресей әскерінің видеосы тарады

Желіде Батыс Қазақстан облысында түсірілген видео тарады. Онда Ресей туымен жүрген әскери техника көрсетілген.

  • 20 Сәуiр 2022
  • 61
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Видеодан ауылда Ресей туымен жүрген әскери техниканы көруге болады. Бөкей ордасы ауданының әкімдігі бұл видеоға қатысты түсінік берді.

"Батыс Қазақстан облысы, Бөкей ордасы ауданында ресейлік әскерлердің көліктері жүргені туралы әлеуметтік желілерде тараған бейнетүсірілім бойынша келесіні хабарлаймыз: 18 сәуірде ресейлік әскери көліктер аудан аумағында орналасқан полигон аймағына бара жатқан кезде, Бөкей ордасы ауданының Темір Масин ауылдық округі Бөрлі ауылындағы дүкенге соғып, азық-түлік алып, көп кідірмей бірден жолын жалғастырды. Ресей әскерінің тарапынан қандай да бір заңсыз іс-әрекеттер мен оқиғалар болған жоқ", — делінген хабарламада.

 


 

Это видео было снято два дня назад в поселке Масин, Бокейординского района Западно-Казахстанской области. Российские…

Posted by Лукпан Ахмедьяров on Monday, April 18, 2022