"Пайғамбардың бір тал шашына табыну Аллаға серік қосу ма?": Желіде шашты қаумалаған видео тарап кетті (ВИДЕО) - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Пайғамбардың бір тал шашына табыну Аллаға серік қосу ма?": Желіде шашты қаумалаған видео тарап кетті (ВИДЕО)

"Пайғамбардың бір тал шашына табыну Аллаға серік қосу ма?": Желіде шашты қаумалаған видео тарап кетті (ВИДЕО)

Желіде Мұхаммед пайғамбардың шашын көруге жанталасып жатқан қазақтардың видеосы тарап кетті. 

  • 25 Сәуiр 2022
  • 146
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Тортуыл Шоқанның фейсбук желісіндегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Видеода бір тал шаш салынған құтыны әлдебір имам елге көрсетіп жатыр. Оны көрген жұрт қолын тигізіп, бет сипап жатқандары да бар.

"Мына видеода мұсылмандар Мұхамедтің де құл екенін ұмытып— шашы салынған-мыс құтыға табынып жатыр.

«Бастыққа» емес—оның «Орынбасарына» табынғандарың ширк емес пе? 

Екінші видеода сол— шаш салынған контейнерді көруге қаумалаған өз ағайындарымыз.

Үшінші видеода мешіт жанындағы қатымханада берілген ауызашардан шығарылып—қоқысқа шығарылған тамақтар.
Сендер бұл тамақтарды залалсыздандыруды (утилизация) неге ойламайсыңдар?
Әшейінде уағыздарыңда ысырап, шығын, тағы басқа деп өздеріңе шаң жуытпайсыңдар!
Мешіттің имамы камри 50 мініп алған.
Шақырып сұрайын деп еді «себастян» болды.
Кім жауап береді енді, а?", — деп жазды желіде автор. 

Оқырмандар: "Не екені белгісіз бір тал қыл қыбырға табындырып қойған алаяқтық пен надандықтың шегі жоқ екен ғой". "Ана бәтшағарлар өздерінше не деп тілек тіліп жатыр екен. Әй бір тал шаш маған өмір бер, маған жұмыс бер, менің кәсібімді жүргізе гөр, мені қызметте өсіре гөр деп жатқан болар", "21- ғасырда осындай надандыққа бой алдыру ға боладыма екен? Халқымның көзқарасы осындай қараңғы болғаны өкінішті-ақ…", "Жан жануарлардан,түрі ғана жүрісі ғана бөтен екі аяқтылар.Жалпы тоқсан тоғыз пайыз қазақ дінсоққан ! Адам болу қиын бізге!", деп жазды. 


 

Мына видеода мұсылмандар Мұхамедтің де құл екенін ұмытып— шашы салынған-мыс құтыға табынып жатыр. «Бастыққа» емес—оның…

Posted by Тортуыл Шоқан on Sunday, April 24, 2022