Алыс шетелдердің астық сатып алу көрсеткшіші 1,6 есе өсті. Ауғанстан, Бельгия, Иордания, Сауд Арабиясы, Тунис, Монғолия, Иран, Франция тәрізді бұрыннан бергі дәстүрлі әріптестер қатарына биыл алғаш рет Алжир, Индонезия және Ұлыбритания мемлекеттері қосылды.
Облыстық статистикалық басқармадан хабарлауынша, бір тонна астықтың орташа құны астықтың сапасына қарай емес, нарықтағы баға коньюнктурасына байланысты. Негізгі сатып алушы болып табылатын Ресей өз астығымен қамтасыз етілгендіктен бұл бағаға әсер етті.