Оның айтуынша, жалпы құны 1 млн. 20 мың теңгені құрайтын «УАЗ-3159» маркалы 10 автокөлік ҚР ауылшаруашылығы министрлігінің жанындағы орман және аң шаруашылығы комитетінің шешімімен бөлініпті. Екі машина қорық басқармасының қарамағына, ал қалған 8 көлік қорықтың салалық бөлімшелеріне таратылды.
Ж. Әубәкіровтің айтуынша, соңғы 10 жылда жаңа техника мүлдем алмау салдарынан өңірдегі орман шаруашылықтарының автокөлік паркі әбден ескірген болатын.
«»Семей Орманы» мемлекеттік табиғи орман қорығы аясындағы қарағайлы нуды күзету үшін 32 мобильді топ құрылған, олардың 17-сі ғана мемлекеттік автокөліктермен қамтамасыз етіліп, қалғандарына жеке тұлғалардан көлік жалдауға тура келетін. Ендігі жерде мобильді топтар кез-келген жерге жететін жаңа техникамен жабдықталып, орман қорғау қызметінің сапасы артатын болды»,- дейді қорық директоры.
Сондай-ақ, «Семей Орманы» табиғи орман қорығы таяуда 70 көшпелі рациямен және 120 табельдік қарумен қамтамасыз етілген.
Бас директордың ақпаратына сәйкес, 2003-жылдың басынан бері «Семей Орманы» мемлекеттік табиғи орман қорығы аумағында 240 өрт оқиғасы тіркеліп, 56 мың текше метр ағаш заңсыз оталып, 14,4 мың гектар орман алқабы жойылып кеткен.