Дүниежүзілік негізгі шикізат биржаларында таяудағы мұнай фьючерсінің құны 0,17-0,28 процентке арзандады - kaz.caravan.kz
  • $ 523.72
  • 544.09
-14 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дүниежүзілік негізгі шикізат биржаларында таяудағы мұнай фьючерсінің құны 0,17-0,28 процентке арзандады

Дүниежүзілік негізгі шикізат биржаларында таяудағы мұнай фьючерсінің құны 0,17-0,28 процентке арзандады

12-тамыздағы сауда-саттық қорытындысы бойынша IPE шикізат биржасында таяудағы мұнай фьючерсінің құны 0,17 процентке , NYMEX шикізат биржасында 0,28 процентке арзандады,- делінген "Ирбис" қаржы рыноктары Агенттігінің хабарламасында.

  • 13 Тамыз 2003
  • 395
Фото - Caravan.kz

Лондондағы халықаралық мұнай биржасындағы (IPE) саудада Brent North Sea Crude Oil маркалы мұнайының қыркүйектегі фьючерсінің бағамы әр барреліне 29,85 долларға дейін кеміді.

Ал Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) Light Sweet Crude Oil қоспасының қыркүйектегі фьючерсінің құны әрбір баррельге шаққанда 0,28 проценке арзандап 31 доллар 92 центті құрады.